Патронаттық тәрбие мәселесі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Патронаттық тәрбие мәселесі

28.01.2015
Патронаттық тәрбие мәселесі

Балалар үйіндегі балаларға Үкімет қанша жағдай жасаса да, ата-ананың мейірім шуағына жетпейді. Соңғы жылдары баланы жаңа отбасына бейімдеудің тағы бір түрі – патронаттық тәрбие жолға қойылды.

Патронаттық тәрбиенің – жетімдіктің алдын алуға және баланың үлкендермен, айналасындағы адамдармен тұрақты түрде қарым-қатынас жасап отыруына және олардың психикасының дұрыс дамуына әсері мол.

Жүрегі кең, тұрмысы тәуір азаматтар балалар үйінен қамқорлыққа бала алып жатса, елде жетім балалар саны азаяр еді.

Дегенмен, патронаттық алған балалардың барлығы бірдей жаңа отбасына бейімделіп кете алмайды. Соңында үйден кетіп қалу жағдайлары да кездесіп жатады.

Патронаттық мәселесі біздің елімізде тиісті деңгейде жолға қойылған ба? Бала асырап алуға ниет білдірушілер көбіне неге жасы кіші балаларды таңдайды? Бүгін 21.05-те «Айтуға оңай...» ток-шоуынан көріңіз.  

Хабарламаларға жазылу