«Күйеуімнен көңілім қалды...» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Күйеуімнен көңілім қалды...»

29.01.2015
«Күйеуімнен көңілім қалды...»

Дәстүрлі дін мен дәстүрлі емес діндердің ара-жігін ажырата алмайтын жандар қоғамымызда әлі де көптеп кезігеді. Дәстүрлі дінде заң аясында жүйелілік бар.

Дәстүрлі емес діндердің іс-әрекеттерін жүйелі бақылап отыру аса күрделі құбылыс. Соңғы кездері бұрын-соңды атын естімеген дәстүрлі емес діни ағымдардың көбеюі осының дәлелі.

Жалпы, дәстүрлі емес діни ағымдардың көздеген мақсаты – халықты айтқанға көнетін ойсыз топқа айналдырып, оларды жанды қуыршақ сияқты басқару, санасына әмір жүргізу.

Бүгін «Әйел бақыты» ток-шоуында күмәнді діни ағымға кіріп, балаларға өз «таным-ілімдерімен» ықпал етуге тырысқан күйеуінің әрекетіне қарсы әйел қонақта болады.

Балаларын әкесіз қалдырғысы келмейтін, бірақ, жағдайды қалай дұрыстауға болатынын білмейтін  келіншектің оқиғасын 15.05-те Ұлттық арнадан көріңіз.

Хабарламаларға жазылу