1997 жылы ақын, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Зайда Елғондинова жары Жұматай Жақыпбаевқа арнап «Менің ертегім» атты естелік эссе жазды. Сондай-ақ, Зайда Елғондинова жарына «Зайда ғұмыр», «Махаббат пен мұң», «Рухпен сырласу» және «Менің ертегім» атты төрт кітап арнаған.
«Жұматай – Батыстың, Шығыстың, орыс әдебиеті классиктерінің кілегейін бойына сіңірген ақын. Сонымен қатар, ол Физули, Қожа Хафиз, Рудаки, Науаиды көп оқыды. Әлем ақындарының мектебінен өтіп, шығармашылығына үлкен дайындықпен келді. Ол шығармашылыққа асқан жауапкершілікпен қарады. Сондықтан да, Жұматай – қазақ поэзиясына ешкімге ұқсамайтын өз үнімен, өз ертегісімен, өзінің «Аңызымен», «Ләйләсімен» келді»,-дейді жары Зайда Елғондинова.
«Ол – француз тілін жетік білді. Суретті де жақсы салатын. Жақсы математик еді. Өзі «егер мен ақын болмасам, жақсы математик, тәуір боксер болар едім», деп күлетін. Оның тұла бойы тұнған өнер болды. Дүниеден өткенше, оқудан бас алмады. Философияны терең білді. Ілияс Жансүгіровтың шығармаларын, «Алдаспанды» басына жастап өтті. Халқымыздың өткен-кеткен тарихын жақсы білді»,-деп еске алады ақын.
Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көріңіз.