Қандастарды елге шақыру тәртібі өзгере ме? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қандастарды елге шақыру тәртібі өзгере ме?

01.02.2015
Қандастарды  елге шақыру тәртібі өзгере ме?

Шетелдегі қазақтардың тарихи Отанына оралуы еліміздің Тәуелсіздік тарихының құрамдас бөлігі. Өйткені, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жариялауы, елдің саяси тұрғыдан құқықтық-демократиялық даму жолына түсуі, экономикалық салада нарықтық қатынастарға көшуі, бәрінен бұрын Республикадағы тұрғылықты ұлт қазақ халқының жан-жақты дамуына мол мүмкіншіліктердің жасалуы шетелдегі  қазақтардың елге оралуының басты алғышарты болды.

Ұзақ уақыт бойы тарихи әділетсіздік салдарынан Қазақстан Республикасының аумағын тастап кеткен қандастарымыз егемендік  алу қарсаңында-ақ елге орала бастады.

Бұл – қазақ халқының төл тарихындағы айтулы оқиға, ұлттың ұлт болып ұйысуының, үлкен елдіктің белгісі.

Бүгінде қандастарды елге шақыру тәртібі қалай жүзеге асуда? Қандай қиыншылықтар бар? Бүгін 23.05-те «Алаң» ток-шоуынан біле аласыздар.

Хабарламаларға жазылу