4 ақпан Әбділдә Тәжібаевтың туған күні. Әбділдә ақын қоғам дүбіріне құлақ түріп өтті, қоғам ұстанымына қызмет етті. Оның қоғам руһымен бірге ұлт руһын тапқан-табысқан сәттері аз болмады.
Ақын, драматург, әдебиет зерттеушісі 1909 жылы Сыр өңірінде дүниеге келген. Ол 30-шы жылдардың орта шенінде-ақ республикада әдебиет ісін ұйымдастырушы қайраткерлердің біріне айналды. 1934 жылы Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы болып сайланды.
Қызмет пен өнердің басын тең ұстаған қаламгер Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлиндердің ұлағатты жолын жалғастырды. Әсіресе, Сәкен Сейфуллиннің шығармашылығын ерекше бағалады.
Әбділдә Тәжібаев поэзияда лирика мен поэма жанрын қатар дамытқан ақын. Оның қаламынан туған шығармалары сыршылдығымен және шыншылдығымен ерекшеленеді.
Өмірде де, әдебиетте де үлкенге – құрмет, кішіге – ізет көрсете білген ол халқымыздың қалаулы тұлғаларын ерекше құрмет тұтты, қамқорлығын аямады.
«Өзінен жас ақындардың бәріне қолғабыс етті. Мұқағали Мақатаевтың алғашқы өлеңдер жинағына тұсаукесер жазып, жариялаған кісі. Мақатаев қайтыс болғаннан кейін барлық газет-журналға «өлеңдерін басыңдар», деп бұйрық берген де осы Әбділдә Тәжібаев», дейді ақын Оразақын Асқар.
Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.