Торғын Оспанқызы: Баланың бойындағы қабілетін ашу – біздің міндетіміз - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Торғын Оспанқызы: Баланың бойындағы қабілетін ашу – біздің міндетіміз

05.02.2015
Торғын Оспанқызы: Баланың бойындағы қабілетін ашу – біздің міндетіміз

«Бір қуанарымыз, балалар ұлттық аспаптарға қатты қызығады. Домбыра сыныбына 8-9 жастан бастап қабылдаймыз. Алдымен, есту қабілетіне мән береміз. Бұдан соң музыканы қабылдауы, ырғақ, баланың әнге немесе күйге бейімділігіне қараймыз»,-дейді Торғын Оспанқызы.

«Бұрын бізге ата-аналар баласын «маған домбырамен ән айтып, күй тартқаны керек емес. Тек осы домбыра арқылы қазақ тілін үйренсе екен», деп алып келетін. Ал, қазір балалардың өздері жанындағы жетістікке жеткен достарына қарап, қызығып келеді.  Баланың өзі келіп тұрған соң, оның бойындағы қабілетін ашу – біздің міндетіміз».

«Дәния вокалдан, домбыра, жетігеннен, ансамбльде өнер көрсетуден дәріс алып жүр. Мектебімізде мұндай талантты балалар көп»,-дейді оқытушы.

«Мен домбыраны да, жетігенді де өзім таңдап бардым. Алғашқыда, жетігенде ойнау қиын деп ойлағанмын. Бірақ, ұстаздарымның арқасында екі аспапты да тез үйреніп кеттім»,-дейді жас өнерпаз.

Дәнияның домбыра мен жетігенде орындауындағы халық әндерін «Таңшолпаннан» тыңдай аласыздар.

Хабарламаларға жазылу