Ардақ Балажанова – әнші, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, К.Әзірбаев атындағы ІІ республикалық ән байқауының бас жүлдегері, республикалық «Менің елім» патриоттық әндер байқауының лауреаты.
Ол 1977 жылы Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Сүмбе ауылында ұстаздар отбасында дүниеге келген. Педагогтардың отбасында көбіне әнге емес, сабаққа көңіл бөлінетіні анық.
Мұны әнші: «Бауырларым әдебиетке, поэзияға жақын. Менен «Неге сабақ оқымайсың?» десе, «Мен әнші бола саламын» дейтінмін», деп еске алады.
Роза Рымбаева, Мақпал Жүнісоваларға еліктеп өскен әншіге бұл күні басқалар еліктейді.
Бүгін 09.00-де «Сенбілік таң» ақпаратты-сазды бағдарламасы Ардақ Балажанованың отбасымен сұхбат құрады.