10-12 ақпан аралығында Ресейдің Еуропа аумағы солтүстік аймақтарынан суық атмосфералық фронттармен байланысты циклон ауысады.
Республиканың солтүстік бөлігінде қар жауып, боран соғуы ықтимал. Желдің жылдамдығы секундына 15-25 метрге көтеріледі.
Қазақстанның оңтүстік және шығыс облыстары оңтүстік циклон ықпалында болады,
Сондықтан, мұнда тұман түсіп, көктайғақ болады, деп хабарлайды «Қазгидромет» орталығы.