Қазақстанның орталық аймағында бұлтты, қарсыз ауа райы күтілуде. Күндізгі температура −5...-9°C, түнгі −12...-14°C.
Еліміздің солтүстік бөлігінде де осындай ауа райы сақталады. Қостанай облысында жел 15-20 м/с жетеді. Павлодар облысында жел 25 м/с болады. Қар жауып, боран соғады.
Шығыс Қазақстанда күн бұлтты, қар жаууы ықтимал. Таңертеңгі температура −1...-4°C, түнде −6...-11°C.
Оңтүстік аймақтарда күн құбылмалы, кей жерлерде жауын-шашын жауады. Күндізгі температура +6...+9°C. Ал, Жамбыл мен Оңтүстік Қазақстан облыстарында ауа райы күндіз +15...+18°C жылиды. Түнгі температура +3...+6°C.
Қазақстанның батысында күн құбылмалы, кей жерлерде тұман болып, қар жаууы ықтимал. Батыс Қазақстан облысында күндіз ауа райы −5...-7°C, түнде −11...-13°C аралығында болады.
Фото: fishki.net