Алматының Орталық саябағы Наурыз мейрамына орай Қазақ хандығы тұсындағы стильмен безендіріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматының Орталық саябағы Наурыз мейрамына орай Қазақ хандығы тұсындағы стильмен безендіріледі

11.02.2015
Алматының Орталық саябағы Наурыз мейрамына орай Қазақ хандығы тұсындағы стильмен безендіріледі

Биыл Алматыда Наурыз мейрамы Қазақ хандығының 550 жылдығы аясында өткізілмек. Бұл туралы қалалық Мәдениет басқармасының баспасөз хатшысы Рашида Тыливалдиева айтты.

Наурыз мейрамы әдеттегідей Республика алаңында емес, Орталық мәдениет және демалыс саябағында өтеді. Сондықтан, биыл жолдар жабылмайды.

Саябақ ұлттық ойындарға, концерттік алаңға, ұлттық тағамдарға арналған алаңдар мен түрлі көрмелерге арналған бірнеше интерактивті аймаққа бөлінеді.

Рашида Тыливалдиеваның айтуынша, саябақ Қазақ хандығы тұсындағы стильде безендіріледі. «Мұның барлығы қаланың әр тұрғыны Қазақ хандығы заманына тап болғандай әсер алуы үшін жасалуда»,-дейді ол.

Хабарламаларға жазылу