«Үн, сезім, түйсік, сөзді түсіну – негізге тартпай қоймайды. Ал, одан кейінгі сөздің дұрыс айтылу техникасы еңбекке байналысты. Менің анам – әнші. Дауысымның ерекшелігі анама тартқан болар»,-дейді Сауық апай.
Асыл Рахымжанова, Қатира Әзімбаева, Мина Сейітова, Мәмбет Сержанов, Әнуарбек Байжанбаев секілді ерекше дауыс иелерінен тәлім алған Сауық Жақанова: «Ол кісілер – менің үлкен мектебім болды. Сөздің астарына, ырғаққа, үнге көңіл бөлетін. Айтатын ойыңның бәрі көңіліңде тұрғанда, көз алдыңа елестейді. Сонда өзінен өзі ырғақ шығады.
Ал, сол ырғақты мен қайдан үйрендім? Оны арнайы оқыған жоқпын. Менің мамандығым – филолог. Біз бұл ырғақты жанымыздағы жандардан үйрендік. Әнуарбек аға – тума талант. Мәмбет Сержанов – сөзге аса мән беретін. Басты сөз айтпақ ойдың иесі ғой. Шәрипа Бейсекеева деген үні бөлек, ерекше жан болды»,-дейді.
«Қандай шаруамен айналыссаң да, соны соңына дейін жеткізуге тырысу керек. Мен жақсы дүниелерді жақсы оқып шыққаннан көп үйрендім. Өз ісіңнен ләззат алу керек. Сол іске өзіңді арнау қажет. Сонда ғана нәтиже болады».
Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көріңіз.