Еліміздегі мыңнан астам отбасыға наурыз айында арендалық пәтерлер беріледі.
Бұл туралы бүгін Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді.
«Алдағы уақытта 486 мың шаршы метр арендалық тұрғын үй салу жоспарлануда. Ал, биылғы жылдың наурыз айында баспанаға аса мұқтаж отбасыларға 1353 пәтердің кілті табысталады. 700 пәтер жылдың екінші тоқсанында пайдалануға беріледі», - деді Елбасы.