Бүгін Ақордада өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ел бойынша «Қазақстанда жасалған» акциясын ұйымдастыруды тапсырды.
«Қазақстанда жасалған» акциясы аясында елдегі барлық сауда желілерінде қазақстандық тауарлар секциясы пайда болуы тиіс. Мұны қадағалау облыс әкімдеріне тапсырылады», - деді Мемлекет басшысы.
«Қазақстанда өндірілген тауарларды сатып алу ел тұрғындарының экономикамызға қосқан үлесі», - деп атап өтті Елбасы.