Париждегі «Сенбілік таң» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Париждегі «Сенбілік таң»

13.02.2015
Париждегі «Сенбілік таң»

«Сенбілік таң» бағдарламасы 14 ақпан күні көрермендерімен Франция төрінен қауышады. Бағдарламада Гүлмира Дайрабаева Париж қаласында тұратын Жазира Есбергенованың отбасымен сұхбат құрады.

Қазақ қызы Жазира  - Жамбыл облысы, Шу ауданында туып-өскен. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің түлегі. Бүгінде биология ғылымдарының кандидаты. Жеті тіл білетін полиглот. Ол француз жігітімен отау құрған. Қазір екі ұл тәрбиелеп отыр.

Жазира «Инра» зерттеу ғылыми орталығында ғылыми зерттеуші қызметін атқарады. Аталмыш зертхана жүгерінің өнімдік сұрыпын бақылап, өндіріске жібереді.

Франциядағы қазақ қызының отбасымен сұхбатты ертең сағат 09.00-де «Сенбілік таң» бағдарламасынан біле аласыздар.

Хабарламаларға жазылу