Қазақстанның көптеген аймақтары фронтальды бөліктердің ықпалында болғандықтан, кей жерлерінде жауын-шашын, бұрқасын, тұман, көктайғақ болады, жел күшейеді. Тек батыста, солтүстік-батыс пен солтүстікте ауа райы жауын-шашынсыз,-деп хабарлайды Қазгидромет.
Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман күтіліп, бұрқасынмен қатар жел 15-20 м/с күшейеді. Қостанай облысының кей жерінде тұман болып, бұрқасын мен жел 15-20 м/с күшейеді.
Жамбыл облысының кей жерінде тұман, көктайғақ болады, күндіз желдің күші 15-20 м/с дейін барады. Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерінде тұман түсіп, жел соғады.
Түнде Алматы облысының кей жерінде тұман болып, Жалаңашкөл ауданында жел соғады, күші 18-23, күндіз екпіні 28 м/с.
Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерінде тұман күтіледі.