«Жақында Таиландқа барып, бейнебаян түсіріп келдік. Өзімнің орындауымдағы әндер бір альбомға жетіп қалды. Сонымен қатар, өзім шығарған әндерді де топтастырып, бір альбом шығарсам ба деймін. Қазір сол бағытта жұмыс атқарылып жатыр»,-дейді әнші.
«Жүзге жуық әнім бар. «Сұңқар» тобы менің «Түнгі қала» атты әнімді орындап жүр, Қайрат Нұртастың орындауындағы «Алматының түндері-ай», «Арман қала - Астана» деген әндердің де авторы менмін. Сондай-ақ, Ақбота Керімбекова, Әлия Әбілқайыр сынды әншілердің орындауында біраз әндерім бар»,-дейді Самат Рыспанбет.
«Әндерімдегі ноталардың ырғақтығы батыстың стиліне жақын. Қазақылыққа келе бермейді, оны мойындаймын. Сондықтан, мен алдымен әнді жазып аламын, ақындардың өлеңін сосын таңдаймын. Қалқаман Сарин, Саян Есжан, Ринат Зайытов. Қуаныш Аманқұлов сияқты ақындармен тығыз байланыстамын»,-дейді сазгер.
Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көре аласыздар.