ҚР Ұлттық экономика министрлігі 2015 жылы халықаралық қаржы ұйымдарымен бірге 33 институтциялық жобаны жүзеге асыра бастайды, деп хабарлады ҚР ҰЭМ-нің баспасөз қызметі.
«Қазіргі уақытта ҚР ҰЭМ халықарадық қаржы ұйымдарымен бірге институтциялық жобаларды жүзеге асыруға кірісті. 2015 жылы ТКШ, электр энергетикасы, ШОБ қолдану үшін несие желілерін ұсыну саласындағы 33 бірлескен жобаны жүзеге асыруды бастау жоспарланған», - делінген хабарламада.
Ведомствода мәлімдегендей, Министрлік жұмысының басымдықтарының бірі биылғы жылға құрылымдық реформалар өткізу болмақ. Жалпы 2015 жылы ҰЭМ қызметі Мемлекет басшысы алға қойған міндеттерді орындауға, сондай-ақ, экономиканы тұрақты дамыту және елдегі әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін ҚР Үкіметінің тапсырмаларын уақытылы және тиімді орындауға бағытталады.