Орыс драма театры Тұмар патшайымға арналған қойылым ұсынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Орыс драма театры Тұмар патшайымға арналған қойылым ұсынады

20.02.2015
Орыс драма театры Тұмар патшайымға арналған қойылым ұсынады

«Театрымыздың жетістіктері жаман емес. Өткен жылдың аяғында біраз шет мемлекетке барып қайттық. Оның ішінде Ресей, Беларусь және Уфа қаласына бардық. Биылғы жыл да жаман емес. Мемлекет тарапынан белгіленген атаулы күндерге өз үлесімізді қоссақ деген ниетпен, Қазақ хандығының 550 жылдығына арнап, Болат Жандарбековтің «Сахи» деген  шығармасының желісі бойынша «Томирис – царица сакская» атты шығарманы дайындап отырмыз. 27-28 ақпан күндері көрермен назарына ұсынбақпыз»,-дейді  Еркін Тілеуғазыұлы.

«Бұл шығармаға үлкен дайындықпен келдік. Себебі, «әңгіме Қазақ хандығы турасында, ал, сендер одан арғы дәуірге кетіп қалдыңдар», деген сын айтылды. Біз бұған ғылыми тұрғыда  тарихшылармен ақылдаса келе, Қазақ хандығы 550 жыл бұрын ғана басталған жоқ, одан бұрын да түрлі тайпа, ел болды. Олар да жан-жағындағы мемлекеттермен үлкен дипломатиялық істер арқылы мына жерді бізге жеткізді. Осы ойды халыққа жеткізу мақсатында біз дәл осы қойылымды сахналадық».

«Қойылымдағы басты рөлді Анастасия Воронцова деген жас актриса сомдайды. Ал, Кирдің рөлінде - Роман Чиханадский. Ол көрерменге үлкен қойылымдар арқылы танымал, сенімді актерлердің бірі.  Жалпы, театр труппасының барлығы қатысады».

Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу