Салтанат Өмірәліқызы: Қазақтың қолөнер шеберлерімен мақтануға болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Салтанат Өмірәліқызы: Қазақтың қолөнер шеберлерімен мақтануға болады

20.02.2015
Салтанат Өмірәліқызы:  Қазақтың қолөнер шеберлерімен мақтануға болады

Қолөнер – қазақтың ұлттық құндылықтарының бірі. Осы бағытта тер төгіп жүрген жандар аз емес. Солардың бірі – қолөнер шебері Салтанат Өмірәліқызы бүгін «Таңшолпанда» қонақта.

«Қазақтың мәдениеті ерте кезден мықты болған. Кезінде ата-бабаларымыз  ағаштан, теріден жасалған заттарды тұрмыста қолданғаны белгілі. Оның адам денсаулығына пайдасы мол. Қазақ соны білген. Бұл салада жүргеніме сегіз жылдың жүзі болып қалды. Біз үш түрлі бағытта жұмыс істейміз, яғни, ағаштан, теріден және киізден жасалған заттарды халыққа ұсынамыз»,-дейді Салтанат Өмірәліқызы.

«Біз бір жерде жақсы шебер бар деп естісек, қалыс қалдырған емеспіз. Арнайы іздеп барып, жұмысқа шақырамыз, оның құнды дүниелерін нарыққа шығарамыз. Қазақтың шеберлерімен мақтануға болады. Себебі, қолөнершілердің туындыларын шетелдіктер көптеп алады. Бүгінде жастардың да осы өнерге деген қызығушылығы артқан»,-дейді шебер.

Толығырақ «Таңшолпанда».

Хабарламаларға жазылу