Талғат Мұсабаев алғаш асқақ Гагариннің ғарышқа ұшқанын мектепте жүріп естіген екен. Сонда барлық бала қуанып жүргенде, ол: «Ғарышта – Мұсабаев Талғат!»,-деп айғайлаған көрінеді.
Өзі: «Достарымның естіген-естімегенін білмеймін, бірақ ғарышкер болу туралы арман жүрегіме дәл сол сәтте ұялап еді. Ал, ұшқыш болатынымды анық білетінмін»,-дейді.
Талғат Мұсабаевтың ең асқақ арманы 33 жылдан соң орындалды. ҚР Халық қаһарманы бүгін 12.25-те «Сыр-сұхбат» бағдарламасында жас жеткіншектердің көкейіндегі сауалдарға жауап береді.
Хабардың жүргізушісі – Жандарбек Бұлғақов.