26 ақпан күні Алматыдағы Қазақстандық баспасөз клубында жақында «Сырғалым» телехикаясының екінші маусымының эфирге шығуына байланысты баспасөз мәслихаты өтеді.
Шараға сценарий авторы, қоюшы-режиссер Рашид Сүлейменов, «Қазақстан» РТРК» АҚ Алматы филиалының директоры Марат Сандықбаев, телехикая актерлері Жұлдыз Махан, Олжас Нұрбай және Әйгерім Айдар қатысады.
«Сырғалым» - «Қазақстан» Ұлттық телеарнасының тапсырысы бойынша «Көркем фильм» киностудиясы түсірген отандық туынды. Картина қарапайым қазақ отбасының тұрмыс-тіршілігі, бойында қазақы қасиеттері бар бойжеткен турасында әңгімелейді.
Телехикаяның алғашқы маусымы 2014 жылдың басында көрсетіліп, көрермен көңілінен шыққан рейтингі жоғары отандық туындылардың бірі болды.
Айта кету керек, «Сырғалым» телехикаясы «2014 жылдың үздік фильмі» атағын жеңіп алса, басты рөлді сомдаған Жұлдыз Махан «2014 жылдың үздік актрисасы» атанды.
Фильмнің екінші маусымы Ұлттық арна эфирінен 2015 жылдың 3 наурыздан бастап көрсетіле бастайды.