Сүт өнімдерін шығаратын зауыттың жайы қалай? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сүт өнімдерін шығаратын зауыттың жайы қалай?

26.02.2015
Сүт өнімдерін шығаратын зауыттың жайы қалай?

«Ырза  сүт»  кәсіпорнының негізгі қызметі – сүт өнімдерін өңдеу және сату. Тәулігіне 30 тонна сүт өңдейтін Еуропаның озық технологиялық құрал-жабдықтарымен жабдықталған сүт зауыты алдағы уақытта мал басын ұлғайтуға бағытталған жобаның екінші кезеңін іске асыруды жоспарлап отыр.

Кәсіпорын 2014 жылы 5194,3 тонна шикі сүт өндірді. Германия, Италиядан әкелінген озық технологиялық құрал-жабдықтар қойылған сүт зауытында дайындалған пастерленген, ультрапастерленген сүт, айран, қаймақ, ірімшік, сарымайдың сапасы жоғары. Соған орай жоғары сұранысқа да ие.

Қызылорда облысындағы сүт өнімдерін шығаратын зауыттың тыныс-тіршілігі, мүмкіндіктері турасында толығырақ бүгін 19.10-да «Индустрияландыру: Ұлттық өндіріс» хабарынан біліңіз.

Хабарламаларға жазылу