Головкин-Мюррей жекпе-жегін Қазақстан аумағында 1 миллионнан астам көрермен тамашалаған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Головкин-Мюррей жекпе-жегін Қазақстан аумағында 1 миллионнан астам көрермен тамашалаған

26.02.2015
Головкин-Мюррей жекпе-жегін Қазақстан аумағында 1 миллионнан астам көрермен тамашалаған

TNS Central Asia компаниясының зерттеуі бойынша 22 ақпанда таңғы сағат 05:00-де өткен Головкин-Мюррей жекпе-жегін «Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан Қазақстанның жалпы телеаудиторияның 81 пайызы немесе 930 мыңға жуық адам тамашалаған.

22 ақпанда сағат 18:50-де «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы жекпе-жектің қайталауын көрсетті. Осы уақытта көрсетілген кездесуді жалпы телеаудиторияның 19 пайызы, яғни 1 миллион 800 мың адам тамашалаған.

«Қазақстан» РТРК» АҚ-ның медиа-сараптама бөлімінің басшысы Ербол Бегімбетовтің айтуынша, зерттеу нәтижесі бойынша Головкин-Мюррей жекпе-жегін 1 миллион 360 мың адам қараған.

Сонымен қатар, жекпе-жектің Интернеттегі тікелей көрсетілімін «Қазақстан» Ұлттық телеарнасының ресми сайтынан 117 мың адам тамашалаған.

 

Хабарламаларға жазылу