«Қазақстан-Қостанай» телеарнасының жүргізушісі «Тіл - татулық тірегі» республикалық байқауының жеңімпазы атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан-Қостанай» телеарнасының жүргізушісі «Тіл - татулық тірегі» республикалық байқауының жеңімпазы атанды

28.02.2015
«Қазақстан-Қостанай» телеарнасының жүргізушісі «Тіл - татулық тірегі» республикалық байқауының жеңімпазы атанды

 

Қазақстан халқы Ассамблеясы жылына орай ұйымдастырылған республикалық «Тіл – татулық тірегі» байқауында «Қазақстан-Қостанай» телеарнасының жүргізушісі Алла Гаврина жүлделі бірінші орынды иеленді.

Сондай-ақ, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған бүлдіршіндердің мәселелерін қарастыратын  авторлық «Бойтұмар» бағдарламасы үшін «Қайырымдылығы үшін «САУАП» медалімен марапатталды, деп жазады kostanay.gov.kz.

Сайысқа еліміздің түкпір-түкпірінен түрлі ұлт өкілі қатысты. Олар қазақ тілін қолдану мен ұлтаралық бірлік тақырыбында эссе жазып, халық достастығы туралы өзара пікір алмасты. 

Хабарламаларға жазылу