Бүгін сағат 09.00-де «Қазақстан» Ұлттық телеарнасында көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтын «Бүгін – жексенбі» атты жаңа ақпараттық-танымдық бағдарламаның тұсауы кесілмек.
Әлемдегі қызықтар, аптаның айтулы оқиғалары, «Қазақстан» Ұлттық телеарнасындағы телебағдарламалардың ең қызықты сәттері, спорт, мәдениет және ғаламтор әлеміндегі ең қызықты, өзекті ақпараттар мен танымал тұлғалар – бәрін бір бағдарламадан табасыз.
Сондай-ақ, бағдарлама жүргізушісі көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйласа, шығармашылық ұжымның редакторлары ел назарын елең еткізетін бейнематериалдарды ұсынбақ.
Жексенбілік таң көңілді, пайдалы, қызықты өтсін десеңіз, сағат 9.00-де эфирге шығатын «Бүгін – жексенбі» ақпараттық-танымдық бағдарламасын көріңіз!