Ақтөбе облысының әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі тұрақты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбе облысының әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі тұрақты

24.11.2015
Ақтөбе облысының әлеуметтік-экономикалық даму  деңгейі тұрақты
Ақтөбе облысының әлеуметтік-экономикалық даму  деңгейі тұрақты

Астанадағы Президент жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев жыл қорытындысына байланысты брифинг өткізуде. Облыс басшысының айтуына қарағанда Ақтөбе өңірінде әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер бір қалыпты, қоғамдық-саяси ахуал тұрақты болып отыр. Бұл аймақтың дамуына ықпал етері сөзсіз.

Бердібек Сапарбаевтың айтуына қарағанда Ақтөбеде индустриялды-инновациялық даму бағдарламасына 800 млрд теңге жұмсау көзделген. Тек, 2015 жылдың аяғына дейін облыста құны 9,8 млрд теңге тұратын 9 жоба іске қосылады. Облыста биыл 783 млрд теңгенің өнеркәсіп өнімдері шығарылған. Агроөнеркәсіп кешені 120 млрд теңгенінің өнімін шығарды. Шағын және орта бизнес саласында 8 мың нысан ашылған. Бұл облыстағы көптеген жақсы көрсеткіштердің бірі.

Облыс тұрғындарының 85 пайызы қазір табиғи газбен қамтамасыз етілген. Дегенмен, бірқатар елдімекендерге әлі газ апарылған жоқ. Бірақ, облыс әкімі «Қазтрансгаз-Аймақ» АҚ қоғамымен келіссөздер жасалып жатқанын айтты. Нәтижесінде 2020 жылға қарай Ақтөбе тұрғындарының 98 пайызы газбен қамтамасыз етіледі. Ал, жұмыспен қамтамасыз ету мәселесіне келсек, облыста 2015 жылы 14939 жаңа жұмыс орыны ашылған. Облыс әкімшілігі азаматтарды жұмыспен қамтамасыз мәселесін шешу мақсатында барлық мемлекеттік бағдарламалармен жұмыс істеп жатыр.
Облыста Президенттің тапсырмасы бойынша 33 әлеуметтік маңызы бар ауылшаруашылық өнімінің бағасын арттырмау қарастырылған.
Сонымен бірге, облыста азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету тәуір жолға қойылған. 2015 жылдың 10 айында облыста 3 мың отбасы баспаналы болған. Жыл аяғына дейін 1700 отбасы баспаналы болмақ.

Ақтөбе облысындағы өзге де жаңалықтар туралы толығырақ «Қазақстан» ұлттық арнасының жаңалықтарынан көріңіздер.

Kaznews.kaztrk.kz

Хабарламаларға жазылу