Бақтыбай Қасымбеков: «Қазақ арбасындағы» тарихи келбет – шаңырақ, киіз үй, арба - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бақтыбай Қасымбеков: «Қазақ арбасындағы» тарихи келбет – шаңырақ, киіз үй, арба

04.03.2015
Бақтыбай Қасымбеков: «Қазақ арбасындағы» тарихи келбет – шаңырақ, киіз үй, арба

«Бұл жерде ең негізгісі – қазақтың  ежелгі тарихы арқылы қазіргі заманауи технологияларды қолданып, «Қазақ арбасы» деген жобаны қолданысқа енгізу. Мұны Қазақстанның бренді, қазақ тарихының бір көрінісі деп қарастыруға болады»,-дейді ол.

«Материалдық құндылық  пен  рухани байлық ұштасуы керек. Әр қаланың өзіндік бір келбеті болуы қажет. Ол не нәрсеге байланысты?  Мысалы, бір мемлекетке барған кезде біз, ғалымдар сол елдің тарихи ерекшеліктерін, тарихи келбетін іздейміз. Мұндағы тарихи келбет – ол шаңырақ, киіз үй, арба».

«Уақыт қалай жылжыса, қазақ халқы да бірге жылжып отырған. Мысалы,  күнделікті тұрмысына қатысты айтсақ, қазақтың  малдың  жайылымына жақсы болуы үшін жаз жайлауға, қыс қыстауға шығатыны бар ғой. Соған қолайлы болуы үшін арбаның үстіндегі киіз үйді ойлап тапты.

Оның өзін қазақ  аэродинамикалық заңдылыққа сай жасап шыққан. Яғни, қай мезгілде де тұрмысқа қолайлы болуы үшін. Бұл «Қазақ арбасы» да дәл солай жасалған. Келген қонақтар бұдан біздің тарихи келбетімізді көре алады».

Айта кету керек, аталмыш жоба EXPO-2017 халықаралық көрмесіне ұсынылмақ.

Хабарламаларға жазылу