Президенттік сайлауды өткізуге Үкімет 5,5 миллиард теңге бөледі.
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов мәлімдеді.
«Бұл мәселе бойынша жұмыс тобы құрылып, тиісті мемлекеттік органдармен талқыланды. Сайлауды өткізуге 5,5 миллиард теңге көлемінде қаражат белгіленді. Қаражатты Үкімет қорынан бөлу қарастырылуда», - деп атап өтті министр.
inform.kz