20-27 наурыз аралығында ынтымақтастық және тәжірибе алмасу мақсатында Оңтүстік Калифорния Университетінің радио және «Classical KUSC» президенті Бренда Барнерс және заманауи технологиялар маманы Кристофер Мендез Алматыдағы «Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясының құрамындағы «Classic» радиосына тәжірибе алмасу мақсатында келмек.
Кездесу шеңберінде «Classic» радиосының музыкалық редакторлары, журналистері, дыбыс режиссерлері және радионың менеджментімен жұмыс консультацияларын өткізу жоспарланып отыр. Барлық кездесулер Алматы қаласындағы «Қазақстан» РТРК»-да және Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясында өтеді.
«Classic» радиосы - хабар таратуы толығымен түрлі жанрдағы және ұлттық мектептердің академиялық музыкасына негізделген бірегей радиостанция. Бұл Қазақстан Республикасының аумағындағы классикалық музыканың тұңғыш және жалғыз радиостанциясы.
Радио 2011 жылдың 6 маусымынан қызметін бастады. Қазіргі уақытта екі ірі қалада: Алматы (102,8 FM) және Астана (102,7 FM) қалаларында хабар таратады. «Classic» радиосы әлем бойынша барлық әріптестерімен қызмет етеді.
Әсіресе, Мюнхенмен («BR-klassik») және Мәскеумен («Орфей») жасалған ынтымақтастық табысты болды. Сондай-ақ, «BBC 3» (Лондон) және «Radio Classique» (Париж) радиостанцияларымен ынтымақтастық қатынас дамып келеді.
«Classical KUSC» радиосы АҚШ-тағы классикалық музыканың ірі қоғамдық радиостанциясы. KUSC-тің негізгі міндеті - классикалық музыканың Оңтүстік Калифорния тұрғындары өмірінің ажырамас бөлшегі ретінде қамтамасыз ету. Айта кету керек, радиостанцияның тарихы 60 жылға жуықтаған.
«Classical KUSC» - Лос-Анджелес, Санта-Кларита, Палм-Спрингс, Таузенд-Оукс, Санта-Барбара, Морро Бэй қалаларында хабар таратады. Радиода «Arts Alive», «Modern times», «The Opera Show» және басқаларын қоса алғанда жиырмадан астам авторлық хабар бар. 1931 жылдан бастап «Classical KUSC» радиосынан Метрополитен Операдан қойылымдар беріледі.