Ғарифолла Есім: Нұрсұлтан Назарбаев саяси мектеп қалыптастырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ғарифолла Есім: Нұрсұлтан Назарбаев саяси мектеп қалыптастырды

06.03.2015
Ғарифолла Есім: Нұрсұлтан Назарбаев саяси мектеп қалыптастырды

Президент сайлауының Қазақстанның мемлекеттілігін нығайтудағы халық мүддесіне сай келетін стратегиялық қадам екеніне тоқталған профессор: «Президент сайлауы –  әрбір адамға қатысты тарихи маңызды оқиға. Кез келген адамға керегі – отбасының амандығы, ырыс-несібенің молшылығы.

Бұл неге кезектен тыс сайлау болды? Осы арада мына мәселеге баса назар аудару қажет. Қиындық болғаннан кейін президент сайлау керек пе, әлде оған дейін сайлаған дұрыс па? Кез келген сапарға шығар алдында да бар жағдайыңды жасап аласың ғой. Бұл да сол сияқты»,-дейді.

«Қазақ елі үлкен сапарға шығайын деп жатыр. Бірақ, сол сапарға кіммен барамыз деген сауал тұр қазір. 1991 жылдан бастап елде тыныштық орнатып, мамыражай өмір сыйлаған адамымыз бар еді, сол адамды қайта сайлап алсақ деген ниеті халықтың. Біздің мақсат – алдағы сайлауға бір кісідей атсалысу».

«Жасыратыны жоқ, біздің елдің алдында да қиындықтар тұр. Сол қиындықтарға төтеп бере алатын адам керек.  Бүгінде Қазақ елінің әлем алдында беделі жоғары. Еуропа – алға кетіп қалған елдердің одағы. Соның ішінде ірі мемлекеттердің басшылары Елбасымен  пікірлесіп тұрады. Біздің Президент – халықаралық беделі бар адам. Халықаралық мәселелерді талқылауда өзге елдер кеңес сұрайтын адам».

«Қазақстанда тұлғалар бар. Бірақ, саяси мектеп жасаған тұлға жоқ. Нұрсұлтан Назарбаев саяси мектеп қалыптастырды. Сол мектептен өсіп-өнген азаматтар Ақордада, Үкіметте, Парламентте, құқық органдарында қызмет етуде. Уақыты келгенде олардың ішінен де президент, премьерлер шығады. Елбасы – орныққан саяси мектебі бар адам»,-дейді профессор.

Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу