«Әли Баба мен қырық қарақшының оқиғасы» фильмін көріңіз - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Әли Баба мен қырық қарақшының оқиғасы» фильмін көріңіз

07.03.2015
«Әли Баба мен қырық қарақшының оқиғасы» фильмін көріңіз

Шығыстың ежелгі қаласы Гүлабадта көңілді де ақылды отын кесуші Әли-Баба анасымен және інісі Қасыммен бірге тұрып жатады. Бірде ол керуенге ілесіп жолға шығып, жоғалып кеткен әкесінен хат алады.

Содан көп ұзамай, әкесін іздеп Үндістанға аттанады. Сол жерде ханшайым Марджинаны ажалдан құтқарады. Сөйтіп, Гүлабадқа сүйген қызымен бірге оралады. Үйіне оралған Әли-Баба қарақшылардың бөгетті бұзып, қаланы сусыз қалдырғанын естиді.

Фильмнің ең қызық оқиғалары сол жерден басталады. Ең соңында Әли-Баба қарақшыларды жеңеді. Бөгетті қалпына келтіріп, қаласын сумен қамтамасыз етеді.      

Бүгін Ұлттық арнадан сағат 14.45-те «Әли Баба мен қырық қарақшының оқиғасы» фильмін тамашалай аласыздар.

Хабарламаларға жазылу