ОҚО -тық әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығының ұжымы аналардың құрметіне «Ана — ұлт тәрбиешісі» атты кеш ұйымдастырды. Іс-шараға ұлағатты ұстаздар, көпбалалы аналар шақырылды.
Мереке иелелеріне «Анаға тағзым» қойылымы ұсынылып, студенттер арнау-жырларын оқыды.
Сонымен қатар, орталықтың екінші залында көркемсурет мектебінің шәкірттері 8 наурыз мерекесіне орай көрме ұйымдастырып, қолөнер туындыларын көпшілік назарына ұсынды.