Судың жылу өткізу қабілеті ауаның жылу өткізу қасиетінен 28 рет артық екендігін ескерсек, су ойығына түскен кезде дененің сырты бірден жылу бөле бастайды. Суықтың аз уақытта (1-2 минут) әсер етуінде пульс 10-15 пайызға түседі, ауа жұту 6 есеге дейін артады, қылтамырларды нығайтуға керемет гимнастика болып табылатын терінің кенет тартылуы орын алады. Сондай-ақ ішкі ағзаларға қан мөлшерінің түсуі жоғарылайды.
Адам салқын суға түскеннен кейін рахаттанады және эмоционалды және рухани күштің жоғарылағанын сезінеді, ол қанға «қуаныш гормондары» − эндорфиндердің тасталғанына негізделеді. Бұндай гормондардың (кортикорстероидтер) мықты асқынуға қарсы әрекеттері бар, созылмалы асқынған аурулары бар адамдардың салқын суға түсуден сауығуы осылайша түсіндіріледі.
Салқын суға шомылу ежелден келе жатқан әдістердің бірі.
Тарихта есімі қалған Ивановтың әдісі бойынша денсаулығын дұрыстап алған жандар туралы көп айтылады. Оның айтуынша, «үстіңе суық су құю – бұл жай мұздай суға шомылып шығу емес. Мұның астарында терең ой, мағына бар. Өзіңді шынықтырасың, ойыңды тазартасың. Салқын су стреске қарсы таптырмас тәсіл».