Ұлттық арнада Арман Давлетьяров пен Қайрат Нұртас аналарға арнап ән шырқайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық арнада Арман Давлетьяров пен Қайрат Нұртас аналарға арнап ән шырқайды

08.03.2015
Ұлттық арнада Арман Давлетьяров пен Қайрат Нұртас аналарға арнап ән шырқайды

8 наурыз – қыз-келіншектер күні қарсаңында «Қазақстан» Ұлттық телеарнасында аналардың құрметіне арналған «Анашым, бір өзіңсің...» сыр-сұхбат түріндегі мерекелік сазды бағдарлама эфирге шығады. Мерекелік жобаға  арнайы әндер жазылып, бұрын сахнаға шықпаған өзге саланың тұлғалары ән салады.

Көктемгі мерекелік бағдарламаға «Қазақ барысы» атанған палуандар мен олардың аналары қатысады. Ал, Ұлан Рысқұл, Бейбіт Ыстыбаев пен Айбек Нұғымаров абзал жандарға арнап әннен шашу шашады.

Спорттағы «жұлдызды» қыздар Назым Қызайбай мен Жайна Шекербекова, белгілі боксшы Әділбек Ниязымбетов те аналарымен бірге студияның қонағы болмақ.

Сондай-ақ, мерекелік шараға қоғам қайраткерлері Светлана Жалмағанбетова, Бірғаным Әйтімова, «Қара шаңырақ» телехикаясының актерлері, Ресейдегі «МУЗ-ТВ» телеарнасының директоры, Мәскеуді мойындатқан қазақ - Арман Давлетьяров пен анасы Айман апа  қатысады.

Тағы бір жаңалық – кеште ақжаулықты аналарға арнап Арман Дәулетияров пен Қайрат Нұртас «Анашым» әнін орындайды. Сонымен қатар, аналарды мерекемен қазақстандық танымал әнші Бауыржан Исаев та құттықтайды.

8 наурыз сағат 18.35-те «Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан тамашалай аласыздар.

Хабарламаларға жазылу