Бүгінгі ана образын кімдер сомдап жүр? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгінгі ана образын кімдер сомдап жүр?

10.03.2015
Бүгінгі ана образын кімдер сомдап жүр?

Кеңестік кезеңде ана бейнесін барлық қырынан батыл көрсете білген бірнеше фильм жарыққа шықты. Қазақ киносы ана бейнесін қалай көрсете алды? Бұл ретте «қазақ киносының анасы» атанған Әмина Өмірзақова сомдаған барлық рөлдерге тоқталуға болады.

Алайда, біз  қазақ киносындағы ең алғашқы ана бейнесін соғыс уақытында сүйіктілерін, ұлдарын үлкен сағынышпен күткен, түн ұйқысын төрт бөліп, күндіз майдан үшін аянбай еңбек еткен өмірдің барлық ыстығы мен суығына төзген ана бейнесін «Ана туралы аңыз» фильмінен көре аламыз.

Бұл фильмде ана бейнесі отбасының ұйытқысы ғана емес, Отанның символы ретінде де бейнеленді. Фильмнің соңына қарай кейіпкер хат оқитын дәрежеге көтеріледі. Өйткені, бар өмірі майданнан үшбұрышты хат күтумен өксіген ол өздігінен сауат ашып, ақыры ауылдың хат тасушысы болады.

1964 жылы Ленинградта өткен Бүкілодақтық кинофестивальде Әмина Өмірзақова осы рөлі үшін «Ең үздік әйел рөлі» жүлдесін жеңіп алды.

Көшпенділіктен отырықшылыққа көшіп, таптық бөліністен кейін өз құқығын қорғаған қазақ әйелдерінің де бейнесі кинодан тыс қалмады. 1940 жылы жарыққа шыққан «Райхан», «Дала қызы», «Ботагөз» фильмдері осының айғағы.

1963 жылы экранды алған «Менің атым – Қожаны» балалар фильмі деп қабылдағанымызбен, Бикен Римова сомдаған ана образы қандай десеңізші?! Фильмде баласының әрбір қылығы үшін жер шұқыған ана ұлының тәрбиесіне соншалықты адал болғаны аңғарылады.

«Тақиялы періште», «Гауһартас», «Заман-ай» фильмдеріндегі ана образы туралы толығырақ «Таңшолпаннан» көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу