Астанада 7 наурыздан бастап газбен қамту қызметтерінің бағасы төмендеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада 7 наурыздан бастап газбен қамту қызметтерінің бағасы төмендеді

11.03.2015
Астанада 7 наурыздан бастап газбен қамту қызметтерінің бағасы төмендеді

Осы орайда, ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті газбен қамту мекемелерінде бағалардың төмендеуін қадағалау шараларын өткізді.

Осы шаралар нәтижесінде «АстанаГазСервис» АҚ топтық резервуарлық құрылғымен «Теңізшевройл» ЖШС арқылы тасымалданатын мұнай газының бағасы 1 тоннасына, ҚҚС қоса алғанда 110 736,32 теңгеден 88 334,36 теңгеге дейін немесе 20,23 пайызға төмендеді.

Астана қаласының тұрғындары 7 наурыздан бастап «Астана қаласы бойынша орталықтандырылған газбен қамту» ЖШС қызметі үшін ҚҚС қоса алғанда келесідей төлемдерді жүргізеді. Есептегіш құрал болған жағдайда – 1м3 үшін 314,25 теңге бұл осыған дейінгі бағадан 63,86 теңгеге немесе 16,89 пайызға арзан. Ал, есептегіш құрал болмаған жағдайда – бір адамға айына 672,61 теңге төлейді. Яғни, қазіргі баға бұған дейінгі бағадан 136,68 теңгеге немесе 16,89 пайызға арзан.

Сонымен қатар, «АстанаГазСервис» АҚ «СНПС-Ақтөбмұнайгаз» АҚ арқылы мұнай газын көтерме сатудың бағасы ҚҚС қоса алғанда тоннасына 70 412,16 теңгеден 41 662,96 теңгеге немесе 40,83% арзандады.

«Бейбарыс Газ» ЖШС үшін автокөліктерге қолданылатын газ бағасы литріне 53,98 теңгені құрады.

Бұдан өзге, «LPG Дистрибьюшн» ЖШС баллондағы газ бағасы 1 кг үшін 120,5 теңгеден ҚҚС қоса алғанда 100 теңгеге төмендеді.

Автокөліктерге арналған газдың көтерме сату бағасы литріне 53,13 теңгеден 43,19 теңгеге төмендеді.

Хабарламаларға жазылу