Президентке кандидаттардың саны 21 адамға жетті – Владимир Фосс - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президентке кандидаттардың саны 21 адамға жетті – Владимир Фосс

12.03.2015
Президентке кандидаттардың саны 21 адамға жетті – Владимир Фосс

Владимир Фосстың айтуынша кандидаттардың 18-і сайлауға өзін-өзі, ал, Н.Назарбаевты «Нұр Отан» партиясы, Т.Сыздықовты Қазақстанның коммунистік халық партиясы ұсынған. Қазіргі уақытта олардың сайлау талаптарына сәйкестігі тексеріліп, кейбірі лингистикалық комиссияға сынақ тапсыру үстінде.

«Сегіз кандидатты тіркеуден бас тартылды. Олардың 2-еуінің жасы Конституцияға сәйкес сайлауға түсу жасына толмаған. Алтауы лингвистикалық комиссия сынағын тапсыра алмады. 4 адам лингвистикалық комиссия сынағын тапсырды. Олардың сайлау талаптарына сәйкестігі тексерілді. Олар қазіргі уақытта сенімді тұлғаларын тіркеп, қол жинау жұмысымен айналысуда», - деді В.Фосс.

Бүгін М.Телебеков, Ә.Құсайынов, С.Мұқаш және Асылбек Амантай Орталық сайлау комиссиясына келіп, президенттікке кандидат ретінде тіркелген.

Хабарламаларға жазылу