Отандық құс өсірушілерге мемлекеттік қолдау көлемі артуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Отандық құс өсірушілерге мемлекеттік қолдау көлемі артуы мүмкін

12.03.2015
Отандық құс өсірушілерге мемлекеттік қолдау көлемі артуы мүмкін

Оның айтуынша, бүгінгі таңда отандық құс өсірушілер ресейлік рубль курсының құлдырауы салдарынан қиын ахуалға тап болған.

«Біз ресейлік өнімнің көптеп келуі және басқа да импорттық өнімнің молынан ағылуынан өнімдеріңізді сатуда қиындықтар туындағанын білеміз. Біздің интеграциялық процестер жағдайында, ең алдымен бәсекелестік ережесін бұзатын импортқа қарсы күресуге тиіспіз. Техникалық регламенттерді, санитарлық нормаларды бұзып, елімізге жеткізілетін көптеген тауарлар мен өнімдер, түрлі сұйықтықтар мен сумен ісіндірілген ет өнімдері ағылуда. Міне осындай импорт түрлерімен күресу қажет», - деді А.Мамытбеков.

Осы ретте министр Үкімет тарабынан отандық өндірушілерге мемлекеттік қолдау көлемін арттыру арқылы көмек көрсетілуі мүмкін екендігін айтты.

«Өздеріңіз де білесіздер, нақтыланған бюджетте құс өсірушілерге қосымша қаржы бөлінген. Ол құс азығы бағасын арзандатуға бағытталады. Екіншіден, субсиция көлемі арттырылатын болады», - деді Асылжан Мамытбеков.

Хабарламаларға жазылу