«Сенбілік кездесуде» - Бақытжан Ертаев - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Сенбілік кездесуде» - Бақытжан Ертаев

14.03.2015
«Сенбілік кездесуде» - Бақытжан Ертаев

Бақытжан Ертаев соғыста қазақтың нағыз қайсар ұлдарына тән ерлік көрсетіп, жерінің 4/3 бөлігі таулы аймақ болып келетін Ауған елінде сан түрлі әскери тәсілдерді қолдана білген қазақтан шыққан әйгілі стратегтердің бірі.

Жасы небәрі  27-де әрі әскери шенінің аса жоғары бола қоймағандығына қарамастан, әскер басшылары оны біліктілігі мен тәжірибелілігі үшін батальон командирі етіп тағайындаған. 

Ауған соғысының от-жалынында жүргеннің өзінде Алланы аузынан тастамай, ата-баба аруағына сыйынатын Бақытжан Ертаев атыс кезінде қирап қалған мешітті батальонын жұмылдырып жөндетеді.

Бұл оның ең алдымен, өзінің мұсылмандық парызын өтегені болғанмен, жергілікті ауғандықтар үшін әсері күшті болғаны сондай «Мұсылман командир» атанып, олардың сеніміне кірген.

Бүгін батырдың ерлігі, адамгершілік қасиеті турасында жолдастары мен сарбаздары сыр тарқатады.

Хабарламаларға жазылу