19 наурыз күні Астанадағы «Конгрес-Холл» сарайында жезтаңдай әнші, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері Айгүл Қосанованың «Айдыны шалқар аққумын» атты жеке ән кеші өтеді.
Концертте әнші репертуарындағы ән-термелер мен танымал халық әндері және жаңа шығармалар оркестр сүйемелдеуімен орындалады.
Сондай-ақ, кеш барысында әншінің өнердегі әріптестері, қазақтың дәстүрлі ән-жыр мектебінің өкілдері Ардақ Балажанова, Еркін Шүкіман, Ардақ Исатаева және Клара Төленбаева өнер көрсетеді.