Құс шаруашылығы өнімдері қай кезеңде болмасын, үлкен сұранысқа ие екені бесенеден белгілі. Қазақстан Құс өсірушілер одағының президенті Руслан Шәріповтың айтуынша, елдің ішкі нарығын ресейлік жұмыртқа мен құс еті жаулап алған.
Өйткені, отандық өндірушілердің айналымға құяр қаражаты жоқ. «Қоймалар толып тұр, себебі, біздің нарықты Ресей жұмыртқа мен құс етіне көміп тастаған»,-дейді одақ басшысы.
Одақ қазақстандықтарды сырттан енгізілетін құс етінің арзан бағасына қызықпай, сапасы жоғары отандық өнімдерді тұтынуға шақырады.
Айта кетейік, Қазақстан құс өсірушілер одағының құрамына 103 ұйым, оның ішінде 58 құс фабрикасы кіреді.
Бүгін 17.50-де «Өзекжарды» хабарында Руслан Шәріпов сырттан еніп жатқан құс етінің сапасыз екені, отандық құс өсіру саласын қолдау керегі турасында әңгіме өрбітеді.