Дос: Сахнаға шығуға асықпадым - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дос: Сахнаға шығуға асықпадым

17.03.2015
Дос: Сахнаға шығуға асықпадым

Таңғы уақытта  жаттығу жасамайтын әнші есесіне жеңіл атлетикамен айналысқанды жақсы көреді екен.  Әсіресе, коньки, ролик тебуден алдына жан салмайтынын айтады.

«Жақында «Кетпе» деген жаңа ән шықты, бейнебаян түсірілді.  Енді Астана күніне орай «Біздің қала» деген әнге бейнебаян түсіру жоспарда бар»,-дейді әнші.

4 наурыз күні өткен концерт турасында ой өрбіткен әнші: «Бұл бір ерекше шара болды. Әншілер қазақтың ұлттық аспаптарының көмегімен концерт қойды. Алғашқыда «қалай болар екен» деген ой болды. Себебі,  эстрада әншілері мұндайға үйренбеген. Дегенмен, ұйымдастырушыларға алғысым шексіз.

Мұндағы мақсат – ұлттық аспаптарды халыққа насихаттау. Ал, біз, әншілер үшін бұл үлкен бақыт. Өйткені, онда болған майталман мамандармен бір сахнада тұру екінің біріне бұйыра бермейтін мүмкіндік. Айта кету керек,  концерт 22 мамырда Қарағанды қаласында жалғасын табады»,-дейді Дос.

«Мен термені де, попса, рок, рэпті де тыңдай беремін. Мен нақты бір әншіні ғана тыңдаймын деп айта алмаймын. Бала кезден әнші болсам деген арман болды. Бірақ, сахнада жүремін деп ойламадым. Сахнаға шығуға да асықпадым. Мен өнерге 34 жасымда нақты қадам бастым».

Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу