Адамды түзейтін – еңбек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Адамды түзейтін – еңбек

18.03.2015
Адамды түзейтін – еңбек

«Сүрініп кетпе!

Сүрініп кетсең болғаны,

Дей бергін, досым,

Басыңа қырсық орнады...». Мұқағали Мақатаев

Жыр жолдары өмірде байқаусызда шалыс басып, темір тордың арғы жағынан бір-ақ шыққан жандарға арнап жазылғандай.

Адамның сорлауы аяқ астынан. Аңдамай жүріп, қателік жасап, соның  салдарынан өмір жолын түзей алмай жүрген тағдырлар біздің қоғамда жетерлік.

Сондай-ақ, абақтыға бірнеше түссе де, тәртібін түзей қоймайтындар да баршылық. Адамның санасын тек еңбекпен түзеуге, жетілдіруге болады. Еңбек арқылы ғана колониялардағы, қоғамдағы азаматтарды өркениет тұғырына көтеруге болады.

Бүгін Ұлттық арнадан сағат 19.10-да «Журналистік зерттеуді» көріңіз.

Хабарламаларға жазылу