Тәртіп сақшылары рейд кезінде ерекше мемлекеттік нөмір тағылған көлікті байқайды. Ол абыр-сабырда көліктердің арасынан өтіп кеткен. Дереу нөмірі күдік туғызған көлікке іздеу салынады.
Арада 5 минут өтпей «KIA» маркалы көлік Рысқұлов даңғылы мен Қазыбек би көшесінің қиылысында тоқтатылған. Көліктің рөліндегі жас жігіт «нөмірдің заңды түрде шыққанын күтпей, асығыс жасатып алдым», деп ақталған.
Полиция қызметкерлері ерекше нөмір таққан көлікті ақылы айып тұрағына жеткізді. Қазір оқиға бойынша тексеру амалдары жалғасуда.
kz.otyrar.kz