Шымкент химия-фармацевтика зауытының тарихы тереңде. Бүкіл дүние жүзіндегі фармацевтикалық кәсіпорындардың ең байырғыларының бірі әрі бірегейі саналады. Зауыттың негізін 1882 жылы орыс көпестері Иванов пен Савинков қалаған.
Мұндай кәсіпорынның пайда болуына қазақ жеріндегі, оның ішінде Оңтүстік Қазақстандағы даңқты дермене тікелей себепкер болған. Сонау 1885 жылы Түркістан өлкесіндегі дермене кәсіпорны ең алғашқы өнімі – 189 пұт сантонин шығарады. Ресейде бұл өнімнің 2-3 пұты ғана пайдаланылып, қалғаны түгелдей шетелге шығарылады.
Жалпы, зауыт туралы не білеміз? Өндіріс орны қашан, қалай салынды? Алғашқы өнімі қандай еді? Зауыттың қазіргі тынысы қандай? Бүгін 19.10-да «Индустрияландыру: Ұлттық өндіріс» хабарынан көріңіз.