13-18 наурыз аралығында Орал қаласында өткен жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың төртінші кезеңі өтті.
Сайыста астаналық оқушылар командасы жаратылыстану бағыты бойынша «Ең үздік олимпиадалық команда» атанып, 7 «алтын», 6 «күмі»с, 13 «қола» және 2 грант иеленді.
Астана қаласының №38 мектеп-лицейінің оқушысы Дастан Нұрлыбайға және №60 мектеп-лицейінің оқушысы Исламбек Турукпаевқа жоғарғы оқу орындарына грант берілді.
Айта кетейік, химия пәнінен – 1 оқушы, математикадан - 2, информатикадан - 2 және географиядан - 2 оқушы I орынды иеленді, деп хабарлайды astana.kz.