Наурыз көже — Ұлыстың ұлы күні жасалатын басты ас. Жыл басы 22 наурыз жақындағанда әрбір үйде келер жылғы тоқшылық пен ырыс, құттың жоралғысы ретінде дастарханға өзге де ұлттық тағамдармен қоса, міндетті түрде Наурыз көже пісіріледі.
Түрік халықтарының ұғымында жеті саны қасиетті саналғандықтан, Наурыз көжеге жеті дәм қосылады. Ата-бабаларымыздың айтуы бойынша, бұл күні Наурыз көжені тойып ішкен адам жыл бойы молшылық пен тоқшылықта болады.
Наурыз көжені кім, қалай дайындайды? Наурыз көже әзірлейтін апайлар бүгін 15.05-те «Әйел бақытында» сайысқа түседі. Эфир барысында елге танымал келіндер Наурызға арналған дастарханның ерекшеліктері туралы қызықты әңгіме өрбітеді.