Астанада «№46 Неміс балалар бақшасы мектеп-гимназиясы» кешенінің тәрбиеленушілері Наурыз мейрамын атап өтті.
Бүлдіршіндер тәрбиешілерімен бірге көшпенділер тарихынан сыр шертетін театрландырылған көріністі сахналады. Ал, «Көктем ару және Наурыз» ертегі-спектаклінде балалар елге, елдің дәстүріне деген құрметін танытты.
Шара барысында Қазақ еліндегі түрлі этностардың салты, дәстүрі, ұлттық тағамдары бойынша ақпарат беретін сайыс ұйымдастырылды.
Балалар ата-аналарымен бірге түрлі сайыстарға белсенді қатысып, ұлтымыздың салт-дәстүрі, ұлттық ойындар, наурыз көженің тарихы, жасалу жолдарымен танысты.
Сондай-ақ, домбыра тартылып, ән айтылды, би биленді.
Фото: Елена Иванова