Құрмаш Маханов: Ән шығару – үлкен жауапкершілік - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Құрмаш Маханов: Ән шығару – үлкен жауапкершілік

25.03.2015
Құрмаш Маханов: Ән шығару – үлкен жауапкершілік

Жуырда Тайландқа барып, «Шаттығым» деген әнге бейнебаян түсіріп қайтқан әнші Құрмаш Маханов бүгін таңғы бағдарламада қонақта болды.

«Шығармашылықтағы жаңалықтың басы осы – бейнебаян. Одан бөлек, жаңа әндер жазылып жатыр.  Алда жеке концерт беру де жоспарда бар»,-дейді.

Халыққа Құрмаш болып танылған әншінің азан шақырып қойылған есімі – Құрманбай. «Қазақтың балаға қысқартып есім қоятын әдеті бар. Оның үстіне менің балалық шағымда «Көксерек» фильмінің  халыққа кеңінен таралып жатқан кезі. Туындыда басты кейіпкер Құрмаш болғандықтан, осы есім жатталып қалды»,-дейді әнші.

«Бүгінде талантты жастар баршылық. Әр заманның  өзгешелігі бар, талабы басқа. Сондықтан болар, қазіргі жастардың мүмкіндігі көп»,-дейді әнші.

«Мен өзімді сазгер деуге жүрексінемін. Себебі, халыққа алдымен орындаушы, әнші ретінде танылдық. Ән шығару – үлкен жауапкершілік. Бүкіл ұлттың, халықтың мәдениетін дамытатын дүние. Сол себепті, халықтың көңілінен шығуға лайықты ән болуы керек».

Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу