Кәмшат Қоскелова: «Қазақ аруы» кез келген бойжеткен үшін үлкен мектеп - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кәмшат Қоскелова: «Қазақ аруы» кез келген бойжеткен үшін үлкен мектеп

25.03.2015
Кәмшат Қоскелова: «Қазақ аруы» кез келген бойжеткен үшін үлкен мектеп

Бүгін «Таңшолпан» бағдарламасында «Қазақ аруы-2015» байқауының жеңімпазы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті экономика факультетінің 4 курс студенті  Кәмшат Қоскелова қонақта болды.

«Қазақ аруы» кез келген бойжеткен үшін үлкен мектеп. Жеңіске жеткені, жетпегені бар, ол маңызды емес. Әр қыз өзін сахнада, халықтың алдында қалай ұстауы керек, жүріс-тұрыс, сөйлеу мәнері, тағы басқа да қыз балаға қажетті дүниелерді үйренеді».

«Алғашқыда кастингке келгенде «өтемін, өтпеймін», деген ой болған жоқ. Тек бағымды сынап көрмек болдым. «Қолымнан не келеді, бұл нәрсені істей аламын ба», осы туралы сол жерде отырған қазылар алқасының пікірін білгім келді.  Кастингтен бағым болар, өтіп кеттім.  Сосын маған берілген мүмкіндік шығар деп, дайындыққа үлкен жігермен кірістім»,-дейді Кәмшат.

«Байқауда ең бастысы – қазақы тәрбие болуы керек. Өзім ауылда, әжемнің қолында өстім. Сол себепті, бұл жағынан қорыққан жоқпын. Басты қаруым бар деп есептеймін. Ал, би, жүріп тұру, өзін ұстай білу дегендерді сол жерде үйретеді.  Қазақ тілін, қазақтың салтын, дәстүрін, тарихын білу – бұл бұрыннан біліп келе жатқан әдеттегі нәрселер».

Жеңімпаздың тікелей эфирдегі эксклюзивті сұхбатын «Таңшолпаннан» көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу